Шығыс Қазақстанда полицей қарамағындағы қызметкерді зорлады деген күдікпен ұсталды
Шығыс Қазақстанда полицей қарамағындағы қызметкерді зорлады деген күдікпен ұсталды
Фото: news.myseldon.com
308
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев Риддердің уақытша ұстау изоляторының қызметкері ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, – деп жазады sputnik.kz.

Arnapress.kz-тің хабарлауынша, оған қоластында жұмыс істейтін әйелді зорлады деген айып тағылып отыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиевтің ақпаратынша, ұсталған полицей ҚПК 128-бабы тәртібінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Құқық қорғау органдарының беделін түсіретін әрекеті үшін ол теріс себептермен жұмыстан қуылды. Ал оның тікелей басшыларына қатысты, тіпті қалалық полиция бөлімінің бастығына дейін қызметінен босату туралы шешім қабылданды», – деді Сағат Мәдиев.
Қылмыстық істің мән-жайы ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.