Шымкенттік полицейлер көпірден секіріп, өмірімен қош айтыспақ болған қызды құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қараша, сағат 17:00 шамасында полицияға «102» арнасы арқылы Темірлан тасжолы бойындағы көпірде бойжеткеннің өз-өзіне қол жұмсап, секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Кезекші бөлімнің инспекторы осы уақытта аталған аумақты патрульдеп жүрген полиция қызметкерлеріне хабардар етті. Жедел әрекет етіп, оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы ПД патрульдік полиция полкінің 10-рота қызмет инспекторлары Марат Исаханов пен Абылайхан Абенов көпірдің жақтауында тұрған қызды көрді.
Полиция қызметкерлері қыздың назарын аудару үшін оны сөзге тартты. Осы сәтте полицейлер қызды ұстап, қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.
https://www.youtube.com/watch?v=wapsSYK97Ns