Түркіменстанның бірінші ханымының суреті жарияланды
Түркіменстанның бірінші ханымының суреті жарияланды
© sondakika.com
529
оқылды
Түрік БАҚ-тары Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың жұбайы Огулгерек Бердімұхамедованың суретін жариялады, - деп жазады "Азаттық радиосы". Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жұбайларымен 27 қарашада Ашхабадта банкетте суретке түскен. Түркіменстанға Ердоған Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін екікүндік сапармен келген. Түркіменстандық  ресми басылымдар бұрын Бердімұхамедованың суретін жарияламаған.  Түркіменстанның бірінші ханымының суретін  SonDakika басылымы алғаш рет жариялады. Теледидар, ресми газет-журналдардың бірінші беттерінде әдетте Гурбангулы Бердімұхамедовтың жалғыз өзінің суреті жарияланады. Түркіменстандық басылымдар президенттің жұбайының суретін ешқашан көрсетпейді. Отбасылық суреттерде оның ұлы, қыздары мен немерелері көрсетіледі. Сондықтан да көпшілік Огулгерек Бердімұхамедоваға қатысты қарапайым деректерден бейхабар, оның жасы және немен айналысатыны белгісіз. Президент шетелдік сапарларына әйелін алып бармайды.