Ауызсу тапшылығы мәселесін шешу – басты міндет
Ауызсу тапшылығы  мәселесін шешу – басты міндет
649
оқылды
⠀Маңғыстау облысының дамуы мен халық санының қар­қынды өсуіне орай өңірде су­ға деген сұраныс артып ке­ле­ді. Бүгінде облыс 150 мың тек­ше метр су тұтынады. Жаз мез­гілінде 51 мың текше метр су тапшылығы байқала­ды. 2025 жылға қарай суға де­ген қажеттілік 250-260 мың текше метрге жетеді де­ген болжам бар. Президент Қ.Тоқаевтың ха­лық­ты таза ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында облыста 2025 жылға дейін жалпы қуаты 286 мың текше метр суды тұшытатын 9 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Биыл Қаражанбас кен орнында қуаты тәулігіне 17 мың текше метр су тұшытатын зауыт іске қо­­­­сылады. Инвестициялық жо­ба­ның құны 21,4 млрд теңге. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін «Астрахань–Маңғыстау» су құ­быры арқылы келетін 10 мың тек­ше метр су Жаңаөзен қала­сы­на, Бейнеу және Жетібай ауылдарына жіберіледі. Сондай-ақ «Каспий» су тұ­шы­ту зауытының қуатын 20 мың­нан 40 мың текше метрге дейін жеткізудің екінші кезеңі басталды. Бұл жұмыстар 2022 жылы аяқ­­­­талады. Жергілікті атқарушы билік аталған зауыт өндіретін су көлемін тәулігіне 100 мың текше метрге дейін жеткізуді көздеп отыр. Қазір үшінші кезеңін жүзеге асыру үшін жобалық-сметалық құ­жаттамасы әзірленіп жатыр. Ал Жаңаөзен қаласын толық­тай сумен қамтамасыз ету үшін Кен­дірлі аймағында тәулігіне 50 мың текше метр су тұшыту зауыты са­лынып жатыр. «ҚазМұнайГаз» компаниясы жүзеге асырып жат­қан жобаны 2024 жылы іске қосу жоспарланған. «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ком­паниясы аумағында тәулігіне 24 мың текше метр су тұшытатын қон­дырғы салынбақ. Ал Форт-Шевченко қаласын­да қуаты тәулігіне 5 мың текше метр су, Ақшұқыр ауылы мен Сайын Шапағатов ауылдық округінде қуаты тәулігіне 10 мың текше метр су болатын қондырғы са­лынады. Бейнеу ауданының Бо­ранқұл ауылында тәулігіне 80 мың текше метр су өндіретін зауыт салынбақ. Ақтау қаласында қуа­ты тәулігіне 20 мың текше метр теңіз суын тұшытатын зауыт­тың құрылысы басталды. –Мемлекет басшысы Маң­ғыс­тау облысының әлеуметтік-эко­номикалық дамуы бойынша өт­кен кеңесте өңірдегі ауызсу тап­шылығын шешу үшін нақты тап­сырмаларды жүктеген болатын. Біз белсенді жұмысты бас­та­дық, инвесторлармен келіссөз­дер жүргізіп, басқа елдердің тә­жіри­бе­сін зерделеудеміз. Бүгінде Маң­ғыс­тау облысында ауызсу тап­шы­лығы мәселесін шешу біздің бас­ты міндетіміз, – деді Маң­ғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. Сонымен қатар Президент 2022 жылға дейін 12 ауылды орта­лықтандырылған сумен қамтама­сыз етуді тапсырды. Биыл орта­лық­­тандырылған сумен Бекі және Бас­құдық ауылдары қамтылады. Нәтижесінде, елді мекендерді ор­талықтандырылған ауызсумен қам­тамасыз ету 96 пайызға дейін же­теді. Қалған 10 ауылды ауызсумен қамтуды 2022 жылдың соңы­на дейін аяқтау жоспарланып отыр. ⠀

Мәдина Жәлелқызы, Маңғыстау облысы