Мобильді аударымдарға салық: енді тұрғындар қолма-қол ақшамен төлем жасай ма?
Мобильді аударымдарға салық: енді тұрғындар қолма-қол ақшамен төлем жасай ма?
Фото: don24.ru
256
оқылды

Бұған дейін де мобильді аударымдарға салық салу мәселесі қоғамда қызу талқыланған болатын.

Қаржы министрлігі осы жайтқа қатысты ресми мәлімет таратты. Жаңа талап салық заңнамасында кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерді бөлуге арналған. Бұл мәселе бизнес өкілдерімен, банктермен бірнеше рет талқыланды.
Мақсат – цифрлық кеңістікте бизнесті дамыту, қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейтінін ескеріңіз. Мұнымен қоса, барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. 2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік шоттарына түскен төлемдер туралы ақпарат алу жоспарлануда. Сондықтан, жеке аударымдарға салық салынбайды.
Ал егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, салық салу бойынша өзіңізге ыңғайлы режимді таңдай аласыз. Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим табысы жылына 10 миллион 300 мың теңгеден аспайтын жағдайда ғана қолданылады. Кассалық аппараттарға қатысты. Қазір бірнеше мобильді қосымшалар бар. Кәсіпкер онлайн кассаның мобильді нұсқасын жүктеп алып, заңды түрде пайдалана алады.

Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасын енгізу арқылы автоматты түрде жасалады. Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған. Мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған.