Денсаулық сақтау бірінші вице-министр Марат Шоранов Қазақстанда желтоқсандағы мерекелік іс-шараларға қатысты нақты ұсыныс жоқ екенін айтты, – деп жазады baribar.kz.
Алдағы ай мерекеге толы — Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл. Денсаулық сақтау министрлігі бас санитария дәрігердің қаулысында «қызыл», «сары» немесе «жасыл» аймақтарға байланысты нақты ұсыныстар берілген: іс-шараға қатысуға болатын адамдар саны, оның ішінде мерекелерге және т.б. Бірақ біздің тарапымыздан нақты ұсыныс немесе кештер, жаңажылдық іс-шаралар өткізу туралы ұсыныстар жоқ және жоспарланбайды, – деді Марат Шоранов.
Ол Денсаулық сақтау министрлігі халықты бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған ережелер мен нормаларды ұстануға шақыратынын айтты.
Бас санитария дәрігерінің қаулысында белгіленген шектеулер аясында адамдардың саны, әр аймақ үшін отыратын орындар бойынша нақты критерийлер бар, бәрі осы ережелер аясында жүргізілуі керек. Егер Нұр-Cұлтан «қызыл» аймақта болса — бір ереже жүзеге асырылады, егер «сары» аймақта болса, орындардың саны аздап артады, егер өңір «жасыл» аймақта болса, сәйкесінше, отырғызу орындарының саны артады. Вирус адамдарды мәртебесі бойынша да, іс-шараның мәртебесі бойынша да таңдамайтынын нақты түсінуіміз керек. Вирус кез келген жағдайда таралады. Бұл ережелер өзгермейді, — деп қорытындылады Марат Шоранов.