Теңсіздікпен күресу арқылы ғана демократиялық қоғам құра аламыз
Теңсіздікпен күресу арқылы ғана демократиялық қоғам құра аламыз
416
оқылды

Елордада Nur Otan партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форумы өтті. Жиында Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының бағдарламалар кеңсесі басшысының орынбасары Диана Дигол гендерлік саясатқа қатысты пікір білдірді.

 демократия – Бүгінгі халықаралық форумның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» атты халықаралық акцияға дәл келуі жәй ғана сәйкестік емес. Үлкен мән-мағына бар. Себебі 25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күні, сол кезден басталатын жыл сайынғы халықаралық науқан, Адам құқықтары жөніндегі халықаралық күн – 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Жалпы әйел құқығы үшін күрес арғы заманнан басталған. Жәй ғана білім саласын алайық. Мысалы, әлемде алғашқы оқу орны  ХХ ғасырда пайда болды. Сол үшін әлі күнге дейін Болоние мен Оксфорд арасындағы біріншілікке талас тоқтар емес. Ол кезде университетті ер адамдар ғана оқи алатын.  Тек 500 жыл өткеннен кейін ғана  әйел адамның білім алып, оқуына, университет дипломын алуға рұқсат етілген. Сонда алғаш диплом алған венециалық ақсүйектің қызы – Елена Корнаро. Сол заманда әйелдерге оқу орнына баруға рұқсат болмаған соң, ол оқуға барған емес. Үйінде жекелеген мұғалімдерден сабақ алып, сол арқылы емтиханын тапсырып, дипломын алған.  Сөйтіп, 1841 жылы ғана әйел заты оқу орынның студенті атана алды. Оның өзі АҚШ-тың Агайа штатында ашылған университет болатын. Ал ХІ ғасырда ашылған Оксфордың ректоры ретінде ер адам сайланған. Арада 9 ғасыр өткеннен кейін, универдің тарихында алғаш рет ректордың міндетін атқарушы ретінде әйел сайланды. Оның есімі – Луиза Ричардсон.  Ал оқуға қыздарды 1920 жылы ғана қабылдай бастаған. Негізінен әйел құқығына барлық жағынан шектеу қойылған. Әйелдердің таңдау құқығы болған емес, қандайда бір қызметке сайлануы, әскерге баруы, дүние-мүлкін ұрпағына қалдыруға болмайтын. Тіпті, Нобель сыйлығын алса да бөлісетін. Әйелдер дауыс беруге құқықты 1973 жылы алса, сайлау компаниясына қатысуға 1893 жылы рұқсат етілген. Сондықтан егер тең құқылы, демократиялық принципте өмір сүреміз деп шешсек, әрбір ер-азамат өзінің анасына, қарындасына, қыздарына  қолдау көрсетіп, пікірімен санасқан жөн. Ол үшін әйелдер кез келген сатыдағы қызметке сайлана алуы керек, табыстың аздығына келіспеуі керек. Егер ел боп, бірігіп күреспесек, бұл теңсіздікпен күресу бағанағы мысалымдай тағы 500 жылды керек етеді. Бүгінде  БҰҰ-на мүше 193 елдің 120-дан аса мемлекетті гендерлік саясатты жүргізіп жатыр. Орталық Азия елдерін айтар болсақ, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан да әйелдерге 30 пайыздық квота заңды түрде тұрақталған. Негізі әйелдердің саясатқа араласауына, олардың рөлін арттырудың түрлі жолы бар. Сол жағынан Қазақстан да Еуропа елдерінен қалыс қалған емес.  Әйелдер мен жастардың саяси процестерге қатысуы, оған етене араласып, белсенділігін сөз ете отырып,  олардың өздері де қоғамдағы құқықтары үшін күресуі керек. Мәселен бізде, Молдавада, елдің президенті болып әйел адам сайланған. Бұл  қадам – біздің қауымдастық үшін маңызды дүние. Өйткені біз, тепе-теңдікті сақтай отырып, әйел затының біліктілігі мен кәсібилігіне қарай сайланғанын көрсетті, – деді Диана Дигол. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 29-30 қарашасында Нұр-Сұлтанда Nur Otan партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форумы өтті. Іс-шараға 600-ден астам шетелдік және отандық сарапшылар, саяси партиялардың, халықаралық ұйымдардың және 15 елдің, оның ішінде Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа, Түркия, Әзербайжан және Орталық Азия дипломатиялық корпусының өкілдері сайлау жүйелерін дамытудың өзекті мәселелерін, заманауи электоралдық трендтерді, дәстүрлі және балама идеологиялардың келешегін талқылау үшін панельдік сессияларға қатысты.