Қызылорда облысында салмағы 5 келіден асқан сәби дүниеге келді
Қызылорда облысында салмағы 5 келіден асқан сәби дүниеге келді
339
оқылды
Қармақшы аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Парида Сарыбаеваның айтуынша, баланың бойы 62 сантиметр, салмағы – 5400 грамм.
"Бұл отбасыдағы бесінші бала. Ерлі-зайыптының егізі бар – қыз бен ұл, олар 13 жаста және тағы екі қызы бар. Райхан Әбдірахманова 44 жаста. Ол кесар тілігінен кейін жансақтауда жатыр, нәресте аман-сау, дәрігерлердің бақылауында", – деді ол.
Ауданда салмағы бес келіден асатын балалардың дүниеге келуі сирек емес екенін айта кеткен жөн. Биыл, мысалы, мұнда осындай 3-4 бала дүниеге келген.