Желтоқсанның 3-інен 4-іне қараған түні қаладағы Медеу ауданында орналасқан әл-Фараби даңғылының оңтүстігіндегі тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.
Атап айтқанда «Таулы қырат», «Каменское плато», «Юбилейный», «Вип Алем», «Луксор» коттедждер қалашығы, «Достық резиденция», «Европолис» , «Көкше» ТК, сондай-ақ Достық және Назарбаев даңғылдары, Байжанов, Горная көшелеріндегі тұрғын үйлердің жабылу тізбегінде. Елебеков, Қажымұқан, Керей-Жәнібек Хандары, Луганский, Митин, Найманбаев, Омарова, Оңдасынов, Оспанов, Рубенштейн, Тәттімбет, Чайкина, Шашкин көшелеріндегі тұрғын үйлер тіршілік нәрінен ажыратылады.
Сонымен қатар «Самал-1», «Самал-2», «Самал-3» шағын аудандарында су қысымы төмендейді.
Аталған нысандарға су беру 3-ші желтоқсан күні сағат 22:00-де тоқтатылып, 4 желтоқсан күні сағат 6:00-де қайта беріле бастайды.
«Алматы су» МКК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше бұл шектеулер мегаполистің аталған бөлігінің сумен жабдықтау желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сумен жабдықтау нысанындағы технологиялық жабдықты ауыстыру кезінде қауіпсіздік үшін енгізіліп отыр.
Жауапты мекеменің айтуынша суық суды тоқтату кезеңінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саланың басқа да нысандарына суды автоцистерналармен жеткізіледі.
Сумен қамтамасыз етуге тиіс мекеме тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.