Қаржылық мониторинг агенттігі қаражатты криминалдық қолма-қол ақшаға айналдырудың кезекті дерегін анықтады.
Агенттіктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында Н. Дәулетьярованың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері үлестес компаниялар – «Атырау Инвест Групп» ЖШС, «БР-Групп» ЖШС, «Ербек-компани» ЖШС атынан 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде облыс кәсіпорындарына жалған шот-фактураларды жазып беру бойынша заңсыз қызметті жүзеге асырды.
Осылайша, компанияларға 715 миллион теңгеден астам сомаға бюджетке салық төлеуден жалтаруға жәрдем көрсеткен.
Бас ұйымдастырушы Н. Дәулетьярова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, оның сыбайластары Р. Баткаев пен Б. Жүсіпов тиісінше 5 және 5,5 жылға сотталды.
Бұл адамдар 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару, сондай-ақ бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.
https://www.youtube.com/watch?v=vEDqj97gAVk