Тоқаев 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті
Тоқаев 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті
776
оқылды

Мемлекет басшысы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Заңға сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
  • ең төменгі жалақы 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы – 46 302 теңге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 063 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері – 36 018 теңге.
Заң 2022 жылы күшіне енеді.