Елордада мас жүргізушіні тоқтатпақ болған 29 жастағы полицей ауыр жарақат алды.
Полиция департаментінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Архат Рақышев қызметі барысында сағат 14: 00-де Қошқарбаев көшесінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, апатты жағдай туғызған Howo маркалы автокөлігін байқайды. Автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, қозғалысын жалғастыра берген.
Содан кейін ол ауыр жүк көлігінің кабинасына секіріп мінгенімен, жүргізуші тарапынан қарсылыққа ұшырап, жол бойына құлаған.
Көмекке келген полицейлер оның жолын жауып, тоқтатты.
Сараптамасының нәтижелері бойынша, ер адам орташа ауырлықтағы мас күйде болғаны анықталды.