Көзі тірісінде мемлекеттік атақ алмаған актер қайтыс болған соң марапатталды
Көзі тірісінде мемлекеттік атақ алмаған актер қайтыс болған соң марапатталды
Фото: kursiv.kz
493
оқылды

Марқұм актер Фархат Әбдірайымов «Отандық киноның дамуына  қосқан үлесі үшін» сыйлығымен мараптталды.

Алматыда өтіп жатқан  IX студенттік және дебюттік фильмдердің «Бастау» кинофестивалінде белгілі актер Фархат Әбдірайымовқа ұлттық кинематографияға қосқан ерекше үлесі үшін осындай марапат берілгені хабарланды. Бұл туралы оның балалары Instagram-да жазды. Фархат Әбдірайымов көзі тірсінде дәл осы фестивальдің бірнеше мәрте тұрақты  қазылар алқасының мүшесі болды. Ол осы кино бәйгеарқылы көптеген қазақстандық жас кинематографистердің кинодағы шығармашылық жолының ашылуына әсер етті. «Оның «Халық әртісі» немесе «Еңбек сіңірген әртісі» деген мемлекеттік атақтары болмағанымен, ол әрқашан мейірімділіктің, табандылық пен әділеттің тұлғасы болды. Сондықтан біз әкемізге берілген «Ұлттың кинематографиясының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» сыйлығын үлкен қуанышпен қабыл алдық. Шараны ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және фестивальдің  президенті Сергей Әзімовке  құрмет пен сүйіспеншілігі үшін алғыс айтамыз», – деп жазды белгілі актердің балалары.

Еске сала кетейік, актер және продюсер Фархат Әбдірайымов  осы жылдың  21 мамыры күні 56 жасында Грузияда кезекті түсірілім алаңында қайтыс болды. Оған жүрек талмасы деген диагноз қойылды.

Алматы