Головкин-Мурата жекпе-жегіне қатысты ресми шешім қабылданды
Головкин-Мурата жекпе-жегіне қатысты ресми шешім қабылданды
170
оқылды
ESPN инсайдері Майк Коппинджер 29 желтоқсанда Сайтамада (Жапония) жоспарланған орта салмақтағы әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлады.   Мұның себебі – коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты Жапония шекарасының жабылуы. Осылайша, WBA Super, IBF және IBO әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек кейінірек өтетін болды, – деп жазады Sports.kz. "Дереккөз: Геннадий Головкин-Риота Муратаның жекпе-жегі Жапонияда омикрон штамына байланысты шетелдіктерге кіруге тыйым салатын жаңа шектеулерге байланысты кейінге қалдырылды. Орта салмақтағы титулдарды біріктіру 29 желтоқсанда Сайтамада DAZN-де жоспарланған болатын. Жекпе-жек келесі жылы Жапонияда өтеді деп жоспарлануда", – деп жазды Коппинджер.