Қазақстанда жаңа үйлер бағасы 14,6% қымбаттады
Қазақстанда жаңа үйлер бағасы 14,6% қымбаттады
Dollars and tenge on the laptop. Money of Kazakhstan. Business.
184
оқылды

2021 жылдың қазан айы қорытындысы бойынша жаңа үйлердің және құрылыс материалдарының бағасы артты. Бұл соңғы жылдардағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі, – деп хабарлайды "Нарық" сайты. 

Үй бағасының қымбаттауына сұраныстың көбейгенімен қатар, құрылыс материалдарының да бағасының өскені әсер еткені анық. Құрылыс материалдары былтырдан бері 28% қымбаттаған екен. Ал тамыз айында өткен айдың тамызымен салыстырғанда 33,3% қымбаттаған еді. Құрылыс материалдарының қымбаттауы үй бағасына тікелей әсер етіп жатыр. 2020 жылы құрылыс материалдары салыстырмалы түрде тұрақты болғанда үй бағасы да бірқалыпты еді. Биыл жыл басынан бері құрылыс материалдары күрт қымбаттап, артынша үй бағасы да шарықтап кетті. Кей сарапшылардың үйге сұраныс артқаннан кейін құрылыс материалдарын шығарушылар әдейі бағасын көтереді дегенді де айтады. Алайда, құрылыс материалдары тек Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша да өсіп барады. Мәселен, Nasdaq биржасында құрылыс материалдарының құны бір жылда 19% өсіп кеткен екен.