Пара алған полицей 7 жылға сотталды
Пара алған полицей 7 жылға сотталды
Сурет: Түркістан сайты
153
оқылды

Шымкентте қызметін асыра пайдаланған полиция мойоры 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады Elorda.Info.

Жол патрульдік полиция полкінің командирі жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерден 4 мың теңгеден бастап 50 мың теңгеге дейін ақша талап етіп отырған. “Хабар 24” хабарлауынша, полиция қызметкері қаржыны туыстарының электронды есепшоттарына аудартқан. Полиция мойоры 2019 жылдан бастап қалалық Полиция департаментінде қызмет атқарды. Сот үкімі бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, шенінен айрылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді.
«Бұл кісінің өзі лауазымды тұлға бола тұр әрі заңсыздықтардың жолын кесу өзінің тікелей міндеті бола тұра, бірнеше рет осы қала аумағында пара алу дерегі бойынша айыпталған. Осыларды жан-жақты зерттей отырып, қылмыстың ауырлығын және жасаған қылмыстың мән-жайына тоқтала отырып,  сот 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын шешті», – деді қалалық әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстан.