Шығыс Қазақстандағы өрт сөндіру бөлімшесінің жүргізушісі әлем чемпионы атанды
Шығыс Қазақстандағы өрт сөндіру бөлімшесінің жүргізушісі әлем чемпионы атанды
401
оқылды

Шығыс Қазақстанда өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі жекпе-жектен әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Алматы қаласында өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 17 елінің спортшылары қатысты.
Ерзат Сақабанов 57 кг салмақта өнер көрсетті. Осыдан бір ай бұрын ол Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Жекпе-жек оңай болмады. Оның қарсыласы да есе жібермеуге барынша тырысты. Алайда Ерзат Сақабанов қарсыласының жауырынын жерге тигізді. Айта кетері, ол Өскемен қаласының №9 өрт сөндіру бөлімшесінде қызмет етеді.