Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: Kazlenta.kz
Еліміздің 8 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 6 желтоқсанда Атырау облысының солтүстістігінде, батысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. 6 желтоқсанда Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман сақтылады. Қызылорда облысының орталығында тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Қызылорда қаласында 06 желтоқсанда кей уақытта тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қаласында 6 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды қаласында 6 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және орталығында тұман күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, таңертең және күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар қаласында 6 желтоқсанда тұман,көктайғақ күтіледі.