Бүгін Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, барлық өңір «қызыл» аймақтан шықты. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
Бүгін Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққан науқас тіркелген жоқ.