Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, игіліктер мен оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесіне сайлаудың сәтті өткеніне қолдау білдіріп, Парламенттің жаңа құрамы мемлекеттің тұрақты дамуына қомақты үлес қосатынына және қазақ-қырғыз достығын, тату көршілік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.
Бұған дейін Қырғызстан президенті Қазақстанға сапары кезінде "Мен - қазақпын" деп өлең оқып берген болатын.