Стати ісі: Люксембург соты Қазақстанның пайдасына шешім шығарды
Стати ісі: Люксембург соты Қазақстанның пайдасына шешім шығарды
Фото: klasing-associates.com
291
оқылды

Әділет министрлігінің мәліметінше, Люксембург соты Қазақстанның пайдасына шешім шығарды.

Биыл 2 желтоқсанда Люксембургтің Апелляциялық соты Қазақстанның пайдасына шешім шығарды. Алаяқтық жолмен алынған төрелік шешімді тану және орындау жөніндегі Статидің әрекеттерін тоқтатты. Процесті тоқтата тұруға жалған құжат жасау, алаяқтық және ақшаны жымқыру дерегі бойынша Статиге қарсы қаралып жатқан қылмыстық іс жүргізу негіз болды. Люксембургтің Апелляциялық соты егер Стати төрелік шешімді алаяқтық жолмен алған болса, «Нью-Йорк Конвенциясының V (2) b бабына сәйкес осы төрелік шешімді тану және орындау жария тәртіпке қайшы келеді» деген қорытындыға келіп, Қазақстанмен келісті.

Бұл шешім Статидің ірі көлемдегі алаяқтық схемаға қатысы бар, ол тек төрелік трибуналды ғана емес, сонымен қатар шешімнің күшін жою жөніндегі процесс кезінде Швеция соттарын да жаңылыстырды деген Брюссельдің Апелляциялық сотының шешімінен кейін екі аптадан соң қабылданды.