Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тойдан қанша табыс табатыны белгілі болды
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тойдан қанша табыс табатыны белгілі болды
© stan.kz
393
оқылды
«Астана-ШОУ Той-Концерт» мерекелік кештерді ұйымдастыру агенттігі белгілі әзілкеш және тележүргізуші Тұрсынбек Қабатовтың гонорары қанша екенін хабарлады. YouTube-арнада мерекелік кештерді ұйымдастырушылар қазақстандықтарды 15 мың долларға бағаланған әртісті шақыруға үндейді.  Қазақстандықтар әзілкештің мұндай қомақты табыс табатынына таңданыстарын жасырмады.
"15 мың доллар деген бір үйдің жарты бағасы ғой! Ұялмай ма?", "Қарапайым халыққа бұны не үшін білу қажет? Ондай ақшаны дәрігерлерге төлемей ме?", "Осындай ақша төлейтіндер ақшаны қайдан алады екен, соларды да табысы қайдан келіп жатқанын тексеру керек", "1500 бе? 15000 ба? Бір нөл қосылып кеткен жоқ па?", "Сол ақшаны соған бергенше бала-шағама тамақ, киім-кешек алмаймын ба", – деп жазды олар.
Бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың жаңа қызметке кіріскенін жазған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=2pN41Emgnbo