Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мәдениет

Ашаршылық туралы құжаттардың кезекті жинағы таныстырылды

А.Ахметқазы А.Ахметқазы
Желтоқсан 6, 2021
Ашаршылық

©Е.Үкібаев

193
қаралым

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника» жинағының IV-V томдары көпшілікке таныстырылды. Еңбектің алғашқы үш томы да Сенаттың ұйытқы болуымен биылғы мамыр айында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында жарық көрген еді.

Іс-шара барысында Мәулен Әшімбаев мұндай еңбектің Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында басылып шығуының маңызы зор екеніне назар аударды. Ол өз сөзінде егемендік алғалы еліміз тарихымызды тану жолында толайым табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

«Біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихи межесін айтулы жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Осы аралықта тарихымызды тану, руханиятымызды дәріптеу және ұлттық құндылықтарымыздың өрісін кеңейту жолында ауқымды жұмыс атқарылды», – деді Сенат Төрағасы.

Мәулен Әшімбаев бұл жұмыстарға отандық ғалымдар мен тарихшылар үлкен үлес қосқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысы ұлт тарихының жүйелі түрде зерттелуіне баса мән беріп отырғанын айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында зобалаң жылдарды жан-жақты зерттеу, Ашаршылық құрбандарының санын нақтылау, тарихи құжаттарды жинақтап, оларды мұқият зерделеу керектігін айтқан еді. Осыған орай Сенат ғалымдармен бірлесіп, бұл бағытта біраз жұмыс атқарды. Биыл мамыр айында «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника» атты құжаттар жинағының үш томы жарық көрді. Онда Ашаршылыққа қатысты бірегей тарихи құжаттар мен деректер, нәубеттің себебі мен салдары туралы архив материалдары жинақталған», – деді Мәулен Әшімбаев.

Бүгін көпшілікке жол тартқан жаңа екі том да ашаршылық туралы тарихи құжаттарды жинау жұмыстарының жалғасы. Еңбектің 4-томында қазақ ауылдарын күштеп ұжымдастыру, тәркілеу саясатына қатысты халықтың наразылығын білдіретін маңызды материалдар жинақталған. Ал, 5-томда куәгерлердің естеліктері қамтылды. Бұл томның негізін ашаршылықтың зардабын тартқан ақын-жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлерінің бастан кешкен оқиғалары құрайды.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы естеліктер мен жазбаларды қысқа уақытта жинақтап, топтастырып, көпшілікке ұсынған редакциялық алқа ұжымына және Парламент депутаты Берік Әбдіғали бастаған құрастырушыларға, еңбектің басылып шығуына қолдау көрсеткен Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына алғыс білдірді.

«Ашаршылық тақырыбын зерттеу тәуелсіз тарихи сана қалыптастыру үшін қажет. Ал ортақ тарихи таным біртұтас ұлттық сана қалыптастыруға қызмет етеді. Мұның бәрі тәуелсіздігімізді күшейтетін маңызды факторлар екені сөзсіз. Сондықтан еліміздің басына түскен алапат қасіретті терең түсінуге мүмкіндік беретін осы бес томдық тәуелсіздігімізді нығайтуға өз үлесін қосады және осы тақырыпты зерттеп жүрген тарихшы ғалымдардың жұмысына тың серпін береді деп үміттенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері және жинақтың дайындалуына атсалысқан белгілі тарихшы ғалымдар қатысты. Олар өз сөздерінде ұлтымыздың басынан өткен қасіретті жылдардың зардабын терең зерттеп, білу үшін осындай іргелі еңбектің маңызы зор екенін айтты. Сондай-ақ тарихшылар алдағы уақытта да бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары жалғаса беретініне сенім білдірді.

Тегтер: 1928-1934IV-V томашаршылықГолодМәулен ӘшімбаевСенат
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстауда есінен ауысты деген сарбаз астанаға жеткізіледі

«Тобыл» командасының бас бапкері тағайындалды

Түркістан облысында мал ұрлаумен айналысқан 7 адам ұсталды

Шымкентте белгісіз біреулер аяусыз соққыға жыққан ер адам есін жимастан көз жұмды

«Жауһар жәдігер» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Доллар тағы 6 теңгеге арзандады

Ота жасатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»