Қазақстанда доллар бағамы төмендеді
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді
Фото: nur.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді.

Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 1,43 теңгеге құлдырап, 1 доллар 434,44 теңге болды. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы – 1 доллар үшін 435, 85 теңге. Алматыда доллар сату бағамы – 437, 83 теңге, сатып алу – 439, 66 теңге. Нұр-Сұлтанда сату бағамы – 436,17 теңгеден болса, сатып алу құны – 437, 96 теңге.

Бұған дейін елімізде долларға сұраныс күрт өскен еді.