Ол еңбек жолын 2009 жылдан бастап «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің төрағасынан бастап, 2014-2016 жылдары А.Тоқмағанбетов мәдениет үйінің үйірме жетекшісі болды.
2016-2019 жылдары «Асыл арна» телеарнасында «Сүбелі сөз» бағдарламасының жүргізуші редакторы, Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығында жауапты қызметтерді абыроймен атқарды.
«Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі, айтыс ақтаңгері, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы. «Шабыт» жастар шығармашылығы фестивалінің поэзия номинациясы бойынша дипломанты және түрлі республика деңгейіндегі марапат сыйлықтарының иегері.
2020 жылғы 10 шілдеден бастап Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарды.
Бұған дейін Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов пен Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Ерлан Мусаевтың сөзге келіп қалғаны әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын.