Қаржы агенттігі Алматыда 1 миллион долларды өртеп жіберді
Қаржы агенттігі Алматыда 1 миллион долларды өртеп жіберді
159
оқылды
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен аса ірі мөлшерде жалған шетел валютасын жойды. Жалған ақша жасауға қарсы тұру – қаржы мониторингі агенттігінің басым бағыттарының бірі. Шетел валютасы 2020 жылдың соңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде алынды. Қызметкерлер жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ доллары сомасына жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, Т.Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет сатқан. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді. Сот үкімімен Т. Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. https://www.youtube.com/watch?v=GEl-BbyITFY