Болашақты бағдарлауда жаңа серпін берді
Болашақты бағдарлауда жаңа серпін берді
355
оқылды
Елбасымыздың «Тәуел­сіз­дік­тің та­ғылымы» мақаласын оқы­ған сәтте көз алдымыздан тә­уелсіздіктің сипат­талған 30 жылы қайталанып өткен­дей әсер бол­ды. Тұтас тарихымызды зер­делеу ғана емес, алда кездесетін сын-қатерлерге дайын болу, жігерлі түрде төтеп берудің жолы ұсы­нылды. Болашақты бағдарлауда жаңа серпін берді. Елбасымыз «Тәуелсіздік та­ғы­лымы» мақаласында: «Адам­зат та­рихындағы ең айтулы оқи­ға­ларға толы ғасырлар тоғысында елімізді басқару маған үлкен се­німмен қатар зор жауапкершілік жүктеді. Мен өзім басшылық ет­кен 30 жылға жуық уақыт бо­йына туған халқым­ның сенімін ақтау үшін бар күш-жі­герімді аян­бай жұмсадым», – деген сөз­дерінің те­рең мағынасы бар. Егемен­ді­гі­міздің өткен тарихына қайта үңі­ліп, қиындықтар мен табыс­тарды саралауға жетелейді. Со­нымен қатар Тәуелсіздігіміздің 30 жыл­дық тарихи кезеңінде, елді­гімізді нығайтуда мем­лекет ал­дында тұр­ған жаңа міндет­терін айқындап берді. Менің ойым­ша, оларға қол жеткізу үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Ең бас­тысы, Елбасы Нұр­сұлтан Назар­баевтың әлеу­мет­тік-экономи­ка­лық және сая­си ізгі шешімдері бү­гінде ел Пре­зи­денті Қасым-Жо­март Тоқаевтың жүйелі ре­фор­малары арқасында сабақтас­тықпен жалғасын табуда. Бүгінде білім саласы аса шап­шаң негізде үнемі жетіліп, жа­ңарып оты­руды талап етіп отыр. Жалпы, өмір ыр­ғағы да солай үз­діксіз өзгеруді қа­жет етеді. Тә­уелсіздік жылдары бі­лім сала­сында бәсекеге қабілетті дарынды жастарды қалыптастыруға арнал­ған жобалар жүзеге асырылды. Елбасымыз білім саласын әрқа­шан өзінің басты назарында ұс­тады, жас буынның жаңа білім мен жаңа дағ­дыларды меңгеруін қамтамасыз ету­де, білім деңгейін арттыруға барлық мүмкіндіктерді жасады. Бұл турасында Елбасымыз: «Жа­һандық жаңа трендтердің қатарында болу үшін біз «Бола­шақ» бағдар­ламасын жасап, жастарымызды әлемнің ең үздік университеттерінде оқыттық. Ал қаражат жеткіліксіз болған өткен ғасырдың 90-жылдары біз сту­денттердің оқу ақысын, жүріп-тұруы мен күнкөрісін төлеп бер­дік. Осы уақытқа дейін ел игілігі үшін 15 мыңнан астам маман даяр­ланды. Олар өз Отанының қамқорлығын сезініп, елге қыз­мет етіп, біздің үмі­тімізді ақтайды деп сенемін. Кейін­нен әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орны – Назарбаев университеті, Назар­баев зияткерлік мектептері же­лісі, ақпараттық технологиялар сала­сындағы стартаптарға ар­налған «Астана-хаб» халық­ара­лық техно­паркі ашылды. Біздің жастар осындай ілгерішіл өзге­рістердің көш басында болуы қажет», – деген ойы жастарға үл­кен сенімді көрсетеді. Назарбаев зияткерлік мек­теп­тері желісі және Назарбаев уни­верситеті Қазақстанның интел­лек­туалды жас­тарға әлеуметтік шығу тегіне қара­мастан тең не­гіз­де сапалы білімге қолжетім­­ділікті қамтамасыз етуге негіз болды. Назарбаев зияткерлік мек­тептері Ұлыбританияның Білім беру куә­ліктерін қабылдайтын ұлттық ақпа­рат орталығы мен Кембридж уни­верситеті, Гер­мания Федерациялық Респуб­ли­касы Білім-Мәдениет Ми­нистр­лер кеңесі мойындаған қазақ­стандық және халықаралық озық тәжірибеге негізделген жара­ты­лыс­тану-математика бағытында үш тілде оқытатын инновациялық білім беру бағдарламасын жүзеге асырды. Назарбаев университеті бү­гінде халықаралық деңгейде, яғни ғалам­дық нарықта жоғары білім беру про­цесінің транс­фор­мациясын сәтті орындап, за­манауи білім-ғылым-тех­но­ло­гияның маңызды бағыттарын дамытып, озық ғылыми-зерттеу клас­терін қалыптастырды. Осы не­гізде дарынды ғалымдарымыз жо­ғары технологиялық өнімдерді әзір­леп отыр. «Болашақ» бағдарламасы ар­қылы үздік шетелдік универ­си­теттерде жас­тарымыз білім алды, ғылыммен айналысуға мүмкіндік ашылды. ХХІ ғасырдың көкжиегіне тәуел­сіздік кезеңінде дүние кел­ген қазақ­стандықтардың жаңа буыны, жаңа ұрпағы өсіп, еңбек­ке араласуда. Өс­ке­лең жас ұрпақ жаңаша дамудың құн­дылықтарын терең түсінуі ма­ңыз­ды. Елба­сы­мыздың тәуелсіз­дігімізді нығай­туға жұмсаған орасан зор ең­бегі – жас буын үшін үлкен өнеге. Қазір тәуелсіздігіміздің тари­хын ба­ла­ларға Елбасы еңбектері арқылы тү­сіндіріп, жеткізе аламыз. Сон­дық­тан қай жағынан алып қара­сақ та, Елбасының ел болып құ­рылуымызда, оның ішінде білім са­ласының даму жолында атқар­ған еңбегі орасан.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі