Ертең антикциклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Түнде Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталығында ауа температурасы -20-25-ке дейін, кей жерлерде -30 градус, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында -35 градусқа дейін төмендейді.
Елдің батыс өңірлеріне Қара теңізден келген циклон әсер етеді. Сондықтан шығыста қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-25 м/с-ке дейін күшейеді.
11 желтоқсанда түнде солтүстікте ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 градус аяз болады.