Алдағы екі-үш күнде -35 градус аяз болады
Алдағы екі-үш күнде -35 градус аяз болады
Фото: halqym.kz
184
оқылды

Ертең антикциклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Түнде Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталығында ауа температурасы -20-25-ке дейін, кей жерлерде -30 градус, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында -35 градусқа дейін төмендейді. Елдің батыс өңірлеріне Қара теңізден келген циклон әсер етеді. Сондықтан шығыста қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-25 м/с-ке дейін күшейеді.

11 желтоқсанда түнде солтүстікте ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 градус аяз болады.