Алматы қаласының тұрғыны Наталья Савельева 71 жастағы анасы жансақтау бөлімінде жатқан кезде медицина қызметкерлері оның телефонын және банк картасын пайдаланғанын мәлімдеді. Зейнеткер қайтыс болған күні картадан соңғы рет төлем жасалған, деп хабарлады 31 арна.
Наталья Савельева қайтыс болған анасының жеке заттарын алуға келгенде арасында банк картасы болмай шыққан. Ал ұялы телефоны бұғатталып тұрыпты. Оның айтуынша, анасы жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылып жатқанда белгісіз біреу оның банк картасымен есеп айырысып жүрген.
"22 қарашадан бастап картамен тұрақты түрде төлем жасалып тұрған. Соңғы рет анам қайтыс болған күні – 30 қарашада пайдаланған", - дейді Савельева.
Наталья полицияға арыз түсірді. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінің санитары ұсталды.
Қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады. 23 жастағы ер адам ұсталды. Банк картасы тәркіленді.