Жүк пойызы 20 қой мен ешкіні басып кетті
Жүк пойызы 20 қой мен ешкіні басып кетті
Фото: ПД-нен алынды
176
оқылды

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше болған.

«Жүк пойызының машинисі «Қиғаш-Атырау» учаскесіндегі №15 разъезде теміржол үстінде жүрген қой-ешкілерді байқап, шұғыл тежегішті басқан. Бірақ жүк пойызы тоқтай алмады. Пойыз 16 қой мен 4 ешкіні басып кетті. Апат салдарынан жүк пойызы 12 минут мәжбүрлі түрде тоқтап тұрды. Оқиға орнына полиция келіп, оқиғаның мән-жайды анықтады», – деді департамент бастығының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Пойыз қаққан малдың иесі Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны екені анықталды. Мал иесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды.

Бұған дейін 35 қойды қағып кеткен жол апаты туралы жазған болатынбыз.