Нұр-Сұлтанда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды
фото: Inform.kz
203
оқылды
Әлеуметтік желіде бір топ адамның жол бойында төбелескен сәті түсірілген видео тарады. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 9 желтоқсанда сағат 2.42-де 102-ге Құдайбердіұлы даңғылында төбелес болғаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.
"Оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, қоғамдық тәртіпті бұзғандар түнде бардан шыққан. Кейін төбелесіп қалған", — делінген хабарламада.
Бұл фактіге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.