Ақтауда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Ақтауда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Фото: lada.kz
311
оқылды
Ақтау қаласында жолаушылар автобусы толықтай өртеніп кетті. Полиция департаментінің мәліметінше, 9 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 17.31-де "ПАЗ-320530" маркалы жолаушылар автобусы жүріп келе жатып өртенді. https://www.youtube.com/watch?v=qiYimNW0ClU&feature=emb_title Жолаушылар салоннан өрт сөндірушілер жеткенше шығарылған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге сегіз өрт сөндіруші мен үш техника жұмылдырылды.