Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жиынына қатысады
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жиынына қатысады
Фото: Б.Уәлидің Facebook-тағы парақшасынан алынды
213
оқылды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы (ЖЕЭК) өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы хабарлады.

Бейнебайланыс форматында өтетін іс-шараға кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшылары қатысады деп жоспарланған. Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылайды. Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.