Ақтөбе тұрғыны БТР сатпақ болған
Ақтөбе тұрғыны БТР сатпақ болған
Фото: ПД-нен алынды

Ақтөбе полициясы БТР техникасын сатуға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Ақтөбе облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өрлеу ауылындағы карьердің аумағында құжаты жоқ «БТР-60» техникасын тапты. Техниканың карьер инженеріне тиесілі екені анықталды. Ер адам оны шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын, қажет болмаған соң қайта сатпақ болғанын айтты. Дәл осы БТР-60 – әскери техника емес, тек қана корпусы. Ресейден алған», – дейді ПД баспасөз қызметінің өкілі Ерболат Сарқұлов.

Қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. БТР-60 Ақтөбеде арнайы автотұраққа қойылды.