Алматы облысында ауа райына байланысты республикалық жол жабылды
Алматы облысында ауа райына байланысты республикалық жол жабылды
244
оқылды
Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» тасжолында барлық көлік түрлері үшін жол жабылды.
“10 желтоқсанда сағат 17:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (күшті боран, көрінудің шектелуі), республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" (84-184 км) жолында көліктердің барлық түрлері үшін көлік қозғалысы тоқтатылды", – деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.