Шымкентте Шәмші Қалдаяқов тұрған үйде кітапхана ашылды
Шымкентте Шәмші Қалдаяқов тұрған үйде кітапхана ашылды
Сурет Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
830
оқылды

Биыл Шымкентте 6 кітапхана жаңартылып, олардың үшеуі оқырмандардың қолдануына қайта берілді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы бір кітапхана қайта ашылады, - деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Солардың қатарында Шәмші Қалдаяқовтың 5 жыл тұрған үйінің бірінші қабатында кітапхана ашылды. Аталған кітапхананың интерьерінің тақырыбы музыкаға арналады. Кітапхананың ашылу рәсіміне сазгердің қарындасы Райхан Қалдаяқова да қатысып, жиналған қауым гүл шоғын қойды.