Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды
Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды
129
оқылды
Алматыда кезекті титулдық жекпе-жек өткен МТК Қазақстан кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр, – деп хабарлайды  Sports.kz сайты. 21 жастағы қазақстандық боксшы Талғат Шайкен (6-0, 4 КО) жартылай орта салмақтағы жастар арасындағы бос WBC белбеуі үшін украиналық Владимир Гордиенкомен (9-3, 4 КО) жұдырықтасты. Он раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен Шайкеннің  жеңісімен аяқталды. Осылайша, Талғат Шайкен про-рингте жетінші рет жеңіске жетіп, WBC тұжырымы бойынша «жастар» әлем чемпионы атанса, Владимир Гордиенко мансабында төртінші рет жеңілді.