Алматыдағы MTK Kazakhstan бокс кешінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) британдық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасты, – деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Ауыр салмақтағы кездесуде WBA титулы сарапқа салынған болатын. Жекпе-жек 12 раундқа есептелгенімен, жетінші раундта төреші Уордқа техникалық нокаут беріп, жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой мансабындағы төртінші жеңісіне (төртінші – нокаутпен) қол жеткізіп, WBA Gold чемпиондық белбеуінің иегері атанды. Стивен Уорд проф рингте екінші рет жеңіліске ұшырады.