New Shepard зымыраны үшінші рет ғарышқа ұшты
New Shepard зымыраны үшінші рет ғарышқа ұшты
122
оқылды
Бортында алты турист болған америкалық Blue Origin компаниясының New Shepard зымыраны коммерциялық суборбиталь рейс жасады. Зымыран ғарышқа Техастағы Corn Ranch ұшыру алаңынан жергілікті уақыт бойынша сағат 9.45-те аттанды. Ұшу шамамен он минутқа созылып, кейін туристер мінген капсула Жерге оралған.   Blue Origin негізін америкалық кәсіпкер, Amazon басшысы Джефф Безос құрған. Компания суборбиталь рейстер жасайды, оның біріншісі 20 шілдеде ұшырылды. Оған Безостың өзі, оның ағасы Марк, 82 жастағы Уолли Фанк және 18 жастағы голландиялық Оливер Даймен қатысты.