АҚШ-та жойқын құйын салдарынан қаза тапқандар саны 100-ден асуы мүмкін
АҚШ-та жойқын құйын салдарынан қаза тапқандар саны 100-ден асуы мүмкін
941
оқылды

АҚШ-та орын алған жойқын табиғи апат салдарынан 6 штатта 100-ден астам адам мерт болған. Зардап шеккендердің саны артуда. Алып құйын көптеген үйлерді, соның ішінде шам зауыты мен басқа да ірі ғимараттарды қиратып кеткен. New York Times газеті мәліметінше, дауыл салдарынан 200 мыңнан аса адам жарықсыз қалған. 

 

АҚШ президенті Джо Байден Кентукки штатында төтенше жағдай жариялап, "тарихтағы ең жойқын оқиғалардың бірі" болғанын айтты.  width= Бұған дейін ең үлкен торнадо 1925 жылы орын алған.