Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды
155
оқылды
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің оңтүстік-шығысында фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстанда, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Павлодар облысында, Қостанай облысының шығысында тұман күтіледі. Алматы облысының солтүстігінде және шығысында тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз таулы асуларында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Маңғыстау облысының батысында, күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с-ке дейін желдің күшеюі, жаяу бұрқасын болады. Қызылорда облысының орталығында – тұман, түнде оңтүстігінде көктайғақ болады. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарда жел 15-20 м/с-ке күшейеді. 14 желтоқсанда Шымкент және Түркістан қалаларында тұман түседі деп күтіледі.