Атырауда кеше сағат 11:00 шамасында «Водников-2» ықшамауданында жол апаты болды. Жедел жәрдем көлігі Volkswagen Touareg автокөлігімен соқтығысып, аударылып қалды. Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды.
Оқиға 2 және 8-көшелердің қиылысында болған. Жол апаты салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Облыстық аурухана дәрігерлері тексерістен кейін жүргізушіні үйіне жіберді. 27 жастағы фельдшер ауруханада ем қабылдап жатыр.