Соңғы жеті жылда Алматы облысына жетекшілік еткен Амандық Баталовтың қазір қайда екені белгілі болды. Лауазымынан босатылған экс-әкім Талдықорғаннан Алматыға көшіп кетіпті.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметкер болғандықтан өзінің отставкаға кететініне дайын болғанын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, қарашаның аяғында Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амандық Баталовқа Алматы облысының әкімі лауазымында көп жыл жемісті қызмет атқарғаны, өңірді дамытуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.– Қазір Талдықорғаннан Алматыға көшіп келдік. Содан бері үйдемін. Бос уақытымды үй ішіммен өткізіп жатырмын. Әзірге ешқандай жұмысқа орналасуды көздеген жоқпын, – деді Амандық Ғаббасұлы.