Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
Фото: baigenews.kz
271
оқылды

Алматы облысының әкімі ауысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда туған. Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Энергетика министрі болған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі. 1993 жылы – жекеменшік компанияның экономисі. 1994 жылы – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі. 1997 жылы – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті. 1998 жылы – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы. 2000 жылы – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі. 2001 жылы – «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті. 2001 жылы мамырда – «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті. 2003 жылы – Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар кеңесінің төрағасы. 2007 жылы – «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы. 2009 жылы 30 қарашада – Жамбыл облысының әкімі. 2013 жылы желтоқсанда – Павлодар облысының әкімі. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болған.