БҚО-да инспектор көз жұмды: Экология министрлігі мәлімдеме жасады
БҚО-да инспектор көз жұмды: Экология министрлігі мәлімдеме жасады
145
оқылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженовтің неден көз жұмғанын хабарлады.  Болжам бойынша, ол  қарудың абайсызда атылып кетуінен көз жұмған. Қайғылы оқиға бүгін сағат 09.30 шамасында болған. Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым жерде БҚО аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженов абайсызда қолданған қарудан қайтыс болды. Жергілікті полиция департаменті әзірге басқа ешқандай ақпарат бере алмайтындарын жеткізді. Дегенмен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желі арқылы 1977 жылғы инспектордың браконьерлердің қолынан қаза тапқанын теріске шығарды.
"14 желтоқсан 09:30 шамасында БҚО Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10-12 шақырым жерде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық испекциясының бөлім басшысы, 1977 жылы дүниеге келген Серік Мәженов қаруды дұрыс пайдаланбау салдарынан көз жұмды", –  делінген министрлік хабарламасында.
  Бұған дейін Серік Мәженовтің браконьерлердің шабуылынан көз жұмғаны туралы ақпарат тарағанын жазған болатынбыз.