Қарағандыда Қасым үйі ашылды
Қарағандыда Қасым үйі ашылды
697
оқылды
Қарағандыда ұлы ақын Қасым Аман­жолов­тың 110 жылдық мерейтойына орай мұражай үйі ашылды. Қасым үйінде публицист пен ақынның сирек кездесетін қолжазбалары, оның кітаптары, жеке заттары мен фотосуреттері қойыл­ған. Сондай-ақ ғимаратта об­лыс­тық Жа­зу­шылар, Журналистер одағының фи­лиалдары, «Қасым» журналының редакциясы, сонымен қатар өңірлік ком­муникациялар қызметі де орналасқан. Ашылу салтанатына Қараған­ды облысы­ның әкімі Жеңіс Қа­сым­­бек қатысты. Ол ұлы ақынның мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа берілуі керек екенін атап өтті. – Қасым Аманжолов – қазақ әде­биетінің інжу-маржаны. Биыл оның туғанына 110 жыл толды және жыл бойы біз 500-ге жуық түр­лі іс-шара өткіздік. Біздің қа­ла­мызда ақынның ескерткіші ор­­наласқан көшеге Қасым Аман­жо­ловтың есімі берілді, «Қасым» журналы шығарылады, онда елі­міз­дің танымал әдебиет­шілері ба­­сылады, жыл сайын Аманжолов оқу­лары, ғылыми-практикалық кон­­ференциялар, айтыс-мү­­­шәйра­­лар, поэзия кештері өт­кі­зі­ле­ді, – деп атап өтті Жеңіс Қа­­сым­бек. – Біздің әртістер елордада ақынның құрметіне үлкен кон­­­церт өткізді, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма теат­ры­ның сахнасында «Рақымжан­ның Қасымы» қойылымының пре­мьерасы өтті. Қасым үйінің ашылуы қарағандылықтар үшін маңызды оқиға екені сөзсіз. Белгілі ақын Серік Ақсұңқар­ұлы Қасым үйі нағыз зерттеу ор­та­лығы, шығармашыл және ойшыл жастарды тартатын орын бо­ла­тынына сенім білдірді. – Қарағандыда Қасым үйінің ашылуы ұлттық рухты, сананы жаң­ғыртуды айғақтай­тын тарихи оқи­ға, – дейді ақын Серік Ақсұң­қар­ұлы. – Бұл үй Қасым Аман­жо­лов­тың өмірі мен шығар­ма­шы­лығын зерттеп, оны жаңа қы­ры­нан танитын нағыз зерт­теу орта­лығы болады деп үміт­тенемін. Қасым үйі ашылды Сондай-ақ іс-шара барысында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті жанындағы «Қасым тағылымы» орталығының ақын­ның мұрасы туралы баяндайтын екі томдығы және Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы Жанат Жанқашұлының кітабы таныстырылды. – Біздің орталық ұзақ уақыт бойы ұлы ақынның шығар­ма­шы­лы­ғы мен өмірін зерттеп келеді. Ғалымдар Алматы, Орал және Семейде экспедицияларда болды. «Екпінді құрылыс» газетінде жария­­ланған өлеңдері мен пуб­лицистикалық мақалаларын Орал мұрағат­тарынан тапты. Алматыда Аманжоловтың қызы Дариға бізге сирек қолжазбалар мен жеке зат­тарын сыйға тартты. Ол сон­дай-ақ бізге ұзақ жылдар бойы жа­саған картотеканы берді. Онда ақынның өмірі мен шығарма­шы­лығы туралы барлық мәлімет қам­тылған, – дейді Е.Бөкетов атын­дағы ҚарМУ Филология фа­культетінің деканы Елдос Түйте. – Биыл біз Қасым Аман­жоловтың өмірі мен шығар­ма­­шылығының библиографиясын, төрт бөлімнен тұратын «Қа­сым та­ғылымы» жинағын шы­ғар­дық. Кездесу соңында қатысу­шы­лар Қасым шығармашылығын одан әрі зерттеу бойынша бірлескен жұмыс идеяларымен бөлісті. Олар­дың әрқайсысы өз пікірі мен ұсынысын ортаға салды.

Қарағанды облысы