Шымкент әуежайына белгісіз біреу бомба қойылғанын хабарлаған
Шымкент әуежайына белгісіз біреу бомба қойылғанын хабарлаған
342
оқылды
Белгісіз біреулер Шымкент әуе айлағының поштасына бомба қойылғаны туралы хабарлаған. Ақпаратқа сәйкес, Шымкент әуежайының электрондық поштасына әуежайды миналау туралы хат түсіп, адамдарды эвакуациялау басталған.
«15 желтоқсан күні сағат 02:00-де Шымкент әуежайының электронды поштасына әуежай ғимаратында бомба қойылғандығы туралы хат келіп түсті. Барлық қызметтерге хабарланды» делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.
  Көліктегі Полиция департаментінің ақпараты бойынша, аталған факті Шымкент қаласының әуежайында Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелген. Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша қарастырылады.