Енді зейнетақы төлемдеріне жер телімін сатып алуға болады
Енді зейнетақы төлемдеріне жер телімін сатып алуға болады
Фото: Kazgazeta.kz
235
оқылды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер телімін сатып алуға болады. Бұл туралы "Отбасы банкінің" басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов хабарлады.

"Достар, сіздерді біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесіндегі өзгерістер туралы хабардар еткім келеді. Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы мақсаттарына жаңа мақсат қосылды. Енді зейнетақы үстемесінің көмегімен жер телімін сатып алу мүмкіндігі пайда болады. Жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысына немесе жеке қосалқы шаруашылыққа арналуға тиіс", – деп жазды Нұрлан Ақшанов.
Оның айтуынша, жер телімінде 24 ай ішінде үй салып немесе нысаналы мақсатта қолданатынын растайтын құжаттарды банкке ұсыну қажет. Ол үшін қолданысқа енгізілу актісі, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама құжаттары қажет. Айта кетейік, бүгіннен бастап қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемін Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы арқылы "Отбасы банктегі" депозитіне аудара алады.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Отбасы Банк (@otbasy_bank_kz)