Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізді Казахстан, Қазақстан және Казакстан есімді 35 адам, Егемен есімді алты адам бар.
Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Казахстан, Қазақстан және Казакстан есімді 35 адамның тоғызы Ақмола облысында, сегізі Қарағанды облысында, бесеуі Нұр-Сұлтанда, үшеуі Қостанай облысында және Шымкент қаласы мен Алматы, Маңғыстау облыстарында екі адамнан тұрады. Ал Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір адамнан тұрады.
Қазақстанда Егемен есімді алты адам бар. Олар Алматы қаласында, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында тұрады.
Тәуелсіздік есімді бір адам бар, ол Қарағанды облысының тұрғыны.
Елбасы есімді 65 адам бар екен, ал Қасым-Жомарт есімді екі адам бар.